Қайраттың тағы бір ұрлығы ашылған ба?

Қайраттың тағы бір ұрлығы ашылған ба?

Қазақ эстрадасында дау басталды. Қайрат Нұртас жас әнші Самат Жанғазиннің әнін үптеп кетіпті. Бұл туралы журналист Ербол Мәндібек өз парақшасында жазды.

Самат Жанғазин "О махаббат ғажапсың" атты әнге авторлық права алған. Оған дейінгі еңбегін, уақытын, жұмсаған ақшасын жыларман болып айтып отыр. Қайрекең қаз қалпында құдды өз әні сияқты соғып жүр. Бір ауыз рұқсат сұрап адамгершілік танытпады деп ашуланды ән иесі. Авторлық құқық туралы заң бар. Бұл заңды профессиональный әншілердің барлығы білуі шарт. Қайраттың командасы бар. Оның құрамында жеке заңгерлері және бар. Қайрат заңды білмеуі мүмкін. Бірақ маңайындағы мамандар ай қарап жүр ме? Әлде атағым айға жетеді, маған бәрі рұқсат деген сөз бе? Ең қызығы сол, Қайрекең әннің иесіне әлі күнге хабарласпаған. Ал оны Самат сотқа берсе қанша ақша талап етуге құқылы? Қалай дегенмен де бұл оқиға қазақ эстрадасына сабақ болуы тиіс. Америка, Еуропада авторлық құқық заңмен қатаң қорғалады. Ол жақтың жұлдыздары заңға тойып алған. Туынды шығармас бұрын ең әуелі құқықтық тәуекелдерін есепке алады. Себебі олар ақшадан бұрын абыройды ойлайды. Өкінішке қарай қазақ эстрадасы бір-бірін ашық "тонауды" әлі тоқтатар емес. Қайреке, ізіңнен ерген інілеріңді қазақы қалыппен құрметтесең дәрежең өседі ғой. "О махаббат ғажапсың" деп тойдан миллиондап тауып жатсың. Ендеше автордың еншісіне еңбегін берсеңші... Қайрат Нұртастан жауап келді. Көмекшісі Салтанат хабарласып кешегі пост бойынша өз жауабын айтты. -Ереке, Қайрат рұқсатсыз ән алған емес. "О махаббат ғажапсың" әнін композитор Дәурен деген жігітке ақшасын төлеп алған. Сондықтан Қайрат ән ұрлады деген әңгіменің бәрі өтірік"- деді. Өз кезегімде Қайраттың командасына жағдайды түсіндіріп арнайы хабарласқаны үшін алғысымды айттым. Естеріңізге салайын Самат Жанғазин есімді жас әнші Қайрат менің әнінді рұқсатсыз айтты деп мәлімдеген болатын. Бұл әңгіме әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Бүгін Қайрат Нұртастың көмекшісі осы мәселеге нүкте қойды деп ойлаймын. Қысқасы Қайрат ән ұрламады, туындыны ақшасын төлеп алғанын мәлімдеді, - деп жазды журналист.
Барлық жаңалықтар