"Қайтыс болды"деп жерленген әйел бір айдан соң үйіне оралды

"Қайтыс болды"деп жерленген әйел бір айдан соң үйіне оралды

Жамбыл облысында ерекше жағдай болды. "Қайтыс болды" деп танылған әйел үйіне қайта "оралған" деп жазады Democrat.kz.

Жамбыл облыстық полиция департаментінің дерегіне сүйенсек, келіншек былтыр жоғалып кеткен. 

Полицияға арызданушының анасы, 1953 жылы туған, 2024 жылдың тамызында әпкесімен бірге Таразға көшіп келген. 2025 жылы Құрбан айт мерекесінен кейін ол жоғалып кеткен. Оның әпкесі полицияға жүгінген.

2025 жылдың тамызында ауыл маңындағы өрістен мәйіт табылып, осыған байланысты қылмыстық іс қозғалады. 

Табылған мәйітті полицияға арыз бергендер жоғалған анасының денесі деп танып, өлім туралы жазба тіркеледі және өлім туралы куәлік беріледі.

Бір айдан кейін, 2025 жылдың қыркүйегінде талапкердің анасы Жамбыл ауданы Қостөбе ауылындағы ағасының үйінде күтпеген жерден пайда болды. Талапкер анасының құқықтық мәртебесін қалпына келтіру үшін өлім туралы жазбаны жарамсыз деп тану туралы сотқа жүгінеді.

Әйелдің өзі құрбан айттан кейін Айша бибі ауылына барып, үй иесінің жанында тұрып, пияз жинауға жұмысқа орналасқанын айтады.

 Кейінірек, зейнетақы төлемдері тоқтатылған кезде, ол Таразға келіп, қайтыс болды деп танылғанын білген.  Талапкер ананың туыстарына немесе басқа жерлерге ұзақ уақыт кететін әдеті болғанын атап өтті.

Кейінірек Жамбыл аудандық соты табылған мәйіттің бөтен болып шыққанын анықтады. Полиция эксгумация жүргізді, қайта сот-медициналық және генетикалық сараптама тағайындалды, оның барысында қайтыс болған адамның жеке басы анықталды. Өлім фактісі бойынша қылмыстық іс тоқтатылды.

Сот шешімімен талапкердің талабы қанағаттандырылды: өлім туралы куәлік жарамсыз деп танылды және өлім туралы акт жазбасы жойылды. Шешім заңды күшіне енді.

Барлық жаңалықтар