Әлеуметтік желіде влог жүргізуді бастаған Эльза есімді қазақ келіншегі басынан өткен ауыр жағдайды баяндап берді деп жазады Democrat.kz.
"Менің ажырасуыма басқа емес, қайын атам себепші болды. Қайын атамнан көрмеген құқайым қалмады. Келін болып түскен күннен бастап, әр атқан қадамымды аңдып, әбден мазамды алды.
Таңғы бес, алтыдан жатын бөлмеміздің есігін қағып "келін ерте тұруы керек" деп айғайлайтын. Жасаған тамағымнан мін тауып, сөйлейтін.
Сыртқа шығармайтын, "келін үйде отыруы керек" деп. Ал бір шаруамен сыртқа шығып, келсем, "осы уақытқа дейін қайда қаңғып жүрсің" деп ұрсатын.
Қайын атам қалаған уақытында біздің жатын бөлмемізге кіріп келе беретін. Жатын бөлмемізде батареяға жайылып тұрған ішкиімдерімді қарап "мынаны бұл жерге жайма, алып таста" деп зекитін.
Күйеуім үй шаруасына көмектессе, атамыз жетіп келіп, "келін өзі істесін, ол соны істеуге міндетті келін" дейтін.
Ең ауыр тигені, қайын атамның "көйлегіңнің ішінен ішкиімің көрініп тұр" дейтін.
Бөлек шықсақ та, үйімізге келуді тоқтатпай, "әйелді таңдайсың ба, мені ме?" деп баласына талап қойды. Күйеуіміз екеуміздің арамызға түсіп... Ақырында біз ажрасып тындық", деген Эльза өткен өміріне өкпесі жоғын айтты.