Әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың тоқалы атанған Айман Талғатқызы әлеуметтік желідегі оқырмандарымен қырылып, оңбай сөз естіп қалды деп жазады Democrat.kz.
Кеше туған күні екенін білдіріп, әлеуметтік желіде түрлі құттықтауларға толы суреттерін жүктеген Тұрсынбек Қабатовтың тоқалы Айманды оқырмандары сынап тастады.
Әйтсе де, бұл жолы Айман Талғатқызы өзіне қатысты жазылған пікірлерге үнсіз қала алмады.
Оқырмандарының бірі "біреудің қартайып кеткен байын тартып алып", "өзің де қыз өсіріп отырсың, қызыңның басына келмесін" дегенге саятын пікір жазған оқырмандарының біріне Айман: "қайыршы сен ғой, не сатып жүргенін өзі білмейтін. Сөзі қандай болса, өзі де сондай" деп жауап жазды.
Пікір жазған келіншектің "прокладка" сататынын бетіне басқан Айман осы жолы "тауып айттым" дегендей.
Тұрсынбектің тоқалының ақылымен деңгейлес қолдаушылары да әлгі "прокладка" сататын келіншекті кемсітіп, келемеждеді.



