Танымал блогер Динара Сәтжан мен продюсер Баян Алагөзова сотқа шағым түсіріп, заңмен жауапқа тартылған соң, емші Бағдагүлдің енді әлеуметтік желіде келіні мен келінінің туыстары мәлімдеме жасап, отбасылық даулары туралы айтты деп жазады Democrat.kz.
Ақтөбелік Бағдагүл емшінің келіні Ақылай өзінің желідегі парақшасында жазба жариялап, күйеуімен ажырасқанын мәлімдеді. оған не себеп болғанын желідегі жазбасында Ақылай:
"Барлықтарыңызға қайырлы күн! Резонанс тудырған соңғы екі айдағы мәселенің жыры бітер емес. «Халықтың адамымын, бәрі білуі керек» деп өзі жайып отырғанда, мен соның «анайы сөздері мен қарғысына» жауап жазсам, біздің тарап жауап жазса, оған бізден жаман адам болмай тұр.
Шынында, қазір әр адамның өз басына жетерлік проблемасы бар. Отбасындағы мәселе сол айналада қалуы керек еді.
Бір сөзге он сөз жауап айтылып жатқанда, ол цепочкаға ұқсап, кете береді. Бірақ көзі ашық адам кімнің кім екенін түсініп те, біліп те отыр. Ешкімге менің проблемам керек емес, жақын жандарымнан басқа. Ата-анамды, бауырларымды ешкімге таптаттырып қоймаймын. Олар да мен үшін қорған болып тұрады.
Оның не салып отырғаны, не жазып жатқаны, эфирге шығып оларды, өздерін ақтап алу үшін не деп жамандап өткені уже қызық емес. Уақыт өте келе бұл мәселеден де халық жалығады. Сонда басқа нәрсе таба ма қырылу үшін...
Осы күнге дейін 100 000-нан астам хаттар келді, қолдап жатқан. Өзі бақытсыз адам екенін біліп тұрып, мойындамай, ол басқа адамды қаралау арқылы өз деңгейін көтергісі келеді және осылай өзін алдап, тыныштандырады. Біреуді кінәлағанды жақсы көреді, себебі внимание жетіспейді.
Күнделікті бітпейтін арпалыс адамды қажытып жібереді. Біреудің өміріне араласып, сызат түсірген адамның оңғанын көргенім жоқ. Шынымды айтсам, менің мүлдем жаман энергиям да, уақытым да жоқ. Менің сүйікті жұмысым бар, жұмыстан қол тимей жатыр, ірі жарнамаларға толассыз ұсыныс түсіп жатыр. Хайп ұстайтын уақытым да жоқ. Мен тек жауап қайтардым. Мені жақсы көретін адам өзін көрсетіп жатыр.
Шалшық су секілді бір орында сасып тұрғым келмейді, айта берсін. Уақыт келе Алла бәрін ашады екен, ашып та жатыр бәрін. Аллаға мың рақмет!
Ата-анамның тәрбиесі мен біздің деңгейіміз бөлек!", - деп астарлап жазба жариялады.