"Қанша қатын алсаң да, тудырта алмадың" деген сөз ауыр тиді" дейді актер

"Қанша қатын алсаң да, тудырта алмадың" деген сөз ауыр тиді" дейді актер

Танымал актер әрі әзілкеш Жахан Отарғалиев өзіне ең ауыр тиген сөз туралы ашық айтып, жүрекжарды ойымен бөлісті, деп жазады Democrat.kz. 

Өнер иесі әке болу бақыты бұйырмай жүргеніне қарамастан, Алладан үмітін үзбегенін жеткізді. Оның айтуынша, бұл тақырыпқа қатысты жанына ең қатты батқаны –

«Қанша қатын алсаң да, тудырта алмадың ғой» деген сөз болған.

Жахан Отарғалиев ораза айында Меккеге барған сапарында осы сөзді жазған адам үшін арнайы кешірім сұрағанын айтты.

«Раббым, ол адам менің жағдайымды білмей айтқан шығар, кешіре гөр. Оған да, ұрпағына да зияны тимесін деп тіледім. Біз бір-бірімізді болмашы дүниелер үшін ренжітеміз. Оның қажеті не? Бір-бірімізге сәл де болса мейірімді болайық», – деді ол.

Барлық жаңалықтар