"Қателігімді мойындаймын!"деген Сәкен Майғазиев мәлімдеме жасады

"Қателігімді мойындаймын!"деген Сәкен Майғазиев мәлімдеме жасады

МузАрт тобының әншісі Сәкен Майғазиев өзінің ағаттығы үшін оқырмандарынан кешірім сұрап, әлеуметтік желіде жазба жариялады деп жазады Democrat.kz.

Сәкен Майғазиев парақшасында: "Қателігімді мойындаймын. Тұйық етістікпен тіркескен “керек” сөзі жіктелмейтінін біле тұра "алу керек болғанбыз" деп айтыппын, айыпқа бұйырмаңыздар. 

Президентіміз Қасым Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Мейрамбек екеумізді "Парасат" орденімен, Кенжебекті "Құрмет" орденімен марапаттады! Ұсынылған марапат ел игілігіне баянды болғай! Күллі ҚАЗАҚ халқына мың алғыс!"деп жазып, сүйінші сұрады. 

Барлық жаңалықтар