Қазақ баласы орысша балабақшаға баруға мәжбүр

Қазақ баласы орысша балабақшаға баруға мәжбүр

Петропавлда қазақ балаларын қабылдайтын балабақшалар саусақпен санарлық. Орын тапшылығы салдарынан олар орыс тілінде тәрбие беретін топтарға баруға мәжбүр деп жазады Democrat.kz. сайты Orda.kz  сайтына сілтеме жасап.

Баласының болашағына алаңдаған ата-аналар ақылы білім беретін орталықтарға жүгінеді немесе баласын мектепке дайындайтын жеке орталықтарға тасиды.

Сайт тілшісі баласына бақша таңдауда қиындық көріп отырған ата-аналармен сөйлесті.

Қалалық статистика бойынша, Петропавлда бақшаға баратын 7 мың баланың тек 2 мыңы қазақ тобында тәлім алады. Ата-аналар қазақ тілді топтардың аздығына шағымданып, орын жетпей қалатынына наразылық білдірді.

Барлық жаңалықтар