Қазақ неге "көсегең көгерсін" деп айтады?

Қазақ неге "көсегең көгерсін" деп айтады?

Көсегең көгерсін деген не? Шонданай сүйектің екі жағын қосып тұрған қосық сүйек ауызекі тілде «қосаға» деп айтылады. «Көсеге сүйек» деп те айтатындар бар. Осыдан барып қосаға, көсеге сөзінің қосық, қосақ, қосақтаушы деген сипатты білдіретіні айқындала береді.

Ендеше, үлкендердің балалар мен жастарға «қосағыңмен көгеріп көкте!» деп айтқысы келген тілегінің «көсегең көгерсін, көгеріп-көкте!» деп қысқа қайырылғанын түсіну бұл сөздің мәнісін сан-саққа жүгіртпеуімізге түрткі болады. Шымылдық, пердені де көсеге деп айтып жатамыз. Бірақ, оның «көсегең көгерсін!» деген тілекпен қатысы жоқ. «Қосаға» сөзінің «көсеге» болып жіңішкертіп айтылғанына орай, «кезең» сөзінің «қазан» болып жуандап айтылғанын да айта кеткіміз келеді. «Елу жылда ел жаңа, Жүз жылда қазан жаңа» деген сөзіміз шынын қуағанда «Елу жылда ел жаңа, Жүз жылда кезең жаңа» деген ұғым болып табылады. Қойынындағы жарының туысқандары болғаны үшін «қойын» деген сөзден келіп шыққан «қайын» сөзі мен «күйін» сөзінің мағыналас болуы да осының мысалға жатады. «Қайт(қайту)», «кет(кету)» сөздері де осындай «қ» дыбысы мен «к» дыбысының алмасып дыбысталуынан туындайды. «Қуық» пен «күйек» сөзінің де мәнісі бір. «Қуан» мен «күн» сөзінің шырайы бір. Өзенге қатқан тегіс мұздың «қылаң» деп те, «кілең» деп те айтылуы, одан туындаған «кілем» сөзі өзара байланыста. «Қирау» мен «күйреу»-ді де осыған қоса аласыз. «Қос» пен «көз», «қосан» мен «кісен», қатырлату мен күтірлету, қатыр да күтір шайнау... Авторы: Көкбөрі МҮБАРАК. Фото көрнекілік үшін.  
Барлық жаңалықтар