«Қазақмыс» компаниясы өз қызметін жүргізетін өңірлерде әлеуметтік жобаларды іске асыруды жалғастырып келеді. Осы бағытта Шу ауданындағы Көкқайнар, Шоқпар, Бірлік, Бірлікүстем және Қонаев ауылдарында қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды. Акция аясында әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға азық-түлік жиынтықтары үлестірілді. Нәтижесінде әр елді мекенде 50 отбасыға қолдау көрсетіліп, жалпы 250 отбасы қамтылды.
Бұл бастама мереке қарсаңында атаулы әлеуметтік көмекті күшейтуге, сондай-ақ қоғамдағы әлеуметтік жауапкершілік пен өзара көмек мәдениетін арттыруға бағытталған.