Қазақстанда мемлекеттік баспана алу тәртібі бүгіннен бастап өзгерді

Қазақстанда мемлекеттік баспана алу тәртібі бүгіннен бастап өзгерді

14 қыркүйектен бастап Қазақстанда тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға қатысты жаңа талаптар күшіне енді. Енді Отбасы банк кезектегілердің мәліметтерін олардың жеке келісімін алмай-ақ түгендей алады, деп жазады Democrat.kz⁠.

Бұған дейін тұрғын үй кезегін түгендеу үшін азамат немесе оның заңды өкілі дербес деректерін жинауға және өңдеуге арнайы келісім беруі қажет еді. Енді бұл рәсім жеңілдетілді.

Банк мемлекеттік ақпараттық жүйелер арқылы есепте тұрған азаматтар туралы мәліметтерді өзектендіре алады. Өзгерістің мақсаты — баспананы нақты деректер негізінде бөлу.

Тағы бір маңызды өзгеріс — меншігінде баспанасы жоқ немесе жалғыз жылжымайтын мүліктегі үлесі 50 пайыздан аз азаматтар тұрғын үйге мұқтаж деп танылады. Жылжымайтын мүліктегі үлесі 50 пайыз немесе одан көп болса, азамат жаңадан кезекке тұра алмайды. Бұл талап бұрыннан есепте тұрғандарға қолданылмайды. 

Отбасы мүшелерінің құрамы да кеңейтілді. Енді ерлі-зайыптылар мен олардың балаларынан бөлек, ата-аналар, немерелер мен қамқоршылар да белгіленген тәртіппен отбасы құрамына енгізілуі мүмкін.

Барлық жаңалықтар