Қазақстанда Транскаспий суасты талшықты-оптикалық байланыс желісі құрылысының негізгі кезеңі аяқталды

Қазақстанда Транскаспий суасты талшықты-оптикалық байланыс желісі құрылысының негізгі кезеңі аяқталды

Елімізде телекоммуникация саласындағы ең ірі инфрақұрылымдық жобалардың бірі – Каспий теңізінің түбі арқылы тартылатын Транскаспий суасты талшықты-оптикалық байланыс желісін (ТОБЖ) салудың негізгі кезеңі аяқталды деп жазады Democrat.kz.

Суасты кабелі Қазақстан жағалауына сәтті жеткізіліп, «Қазақтелеком» АҚ мен AzerTelecom International компаниялары жүзеге асырып жатқан жобаның ең күрделі бөлігі аяқталды. Ақтау – Сумгайыт бағыты бойынша өтетін жаңа маршрут Қазақстан мен Әзербайжанның цифрлық инфрақұрылымын біріктіріп, Азия мен Еуропа арасындағы деректерді жоғары жылдамдықпен тікелей жеткізетін дәлізге айналады. Жоба халықаралық байланыс сенімділігін арттырып, екі елдің транзиттік әлеуетін күшейтеді.

Теңіздегі құрылыс жұмыстарының аяқталу барысымен кабель төсейтін кеменің бортында Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев, «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Бағдат Мусин және AzerTelecom International компаниясының бас директоры Ана Накашидзе танысты.

 

Барлық жаңалықтар