"Қазақстанда ұйғыр тілі жойылып барады" деген түрколог дабыл қағып, үндеу жасады

"Қазақстанда ұйғыр тілі жойылып барады" деген түрколог дабыл қағып, үндеу жасады

Әлеуметтік желіде Туранқыз Сакадай деген атпен тіркелген тиктокер Қазақстандағы ұйғырлар мселесін көтеріп, үндеу жасады деп жазады Democrat.kz.

"Оқу жылы басталғанда, ұйғыр халқының көп баласы орыс мектептеріне барып жатқанын байқадым. Ұйғыр мектептері болса да, баласын орыс мектептеріне беріп жатқандар аз емес. 

Қазақстанда қазақтар баласын орыс мектебіне беріп, мәңгүрттік жайлап жатқаны мәлім. Орысша оқыған қазақтың баласы өз тілін ұмытып, өз елінен кетуге бейім екенін көп айтамыз. 

Ұйғыр халқы да ұйғыр тілінен алыстап, өзінің ұлттық тамырынн алыстап барады. Баласын орысша оқытып жатқан ата-аналар сіз, балаңызды ұйғыр тілінен, ұйғыр ұлттық тамырынан алыстатып жатқаныңызды ұмытпаңыз" деген лингвист, түрколог ұйғыр тілінде оқыған бала әрі қарай ұйғырша білімін қайда жалғастырады деген сұраққа да жауап берді. 

"Ұйғырша оқыған бала жоғары білімді ұйғыр тілінде жалғастыруы үшін ұйғыр тілінде колледж, университеттерде оқыса, сосын ұйғыр тіліндегі түрлі контенттер жасаса, телеарналар ашып, кітаптар жазуылуы керек. 

Бірақ дәл қазір ұйғыр тілінде ешқандай контент жоқ. Осының салдарынан ұйғыр тілінің жоғалып кету қаупі басым" дейді түрколог. 

Барлық жаңалықтар