Қазақстанға кіретін шетелдіктерге жаңа талап енгізілді: QazETA рұқсатын кім рәсімдеуі керек?

Қазақстанға кіретін шетелдіктерге жаңа талап енгізілді: QazETA рұқсатын кім рәсімдеуі керек?

Қазақстанда визасыз режиммен келетін шетел азаматтарына арналған QazETA электрондық рұқсат жүйесі іске қосылды. Бірінші кезеңде ол Ақтау халықаралық әуежайы мен төрт автомобиль өткізу бекетінде қолданылады. Рұқсат әзірге тегін рәсімделеді, ал оны міндетті ету 2027 жылғы шілдеге жоспарланған, деп жазады Democrat.kz⁠.

2026 жылғы 1 қарашадан бастап Қазақстан шекарасындағы жаңа рәсім кезең-кезеңімен енгізіле бастады. Бірінші кезеңге Ақтау халықаралық әуежайы, Павлодар облысындағы «Үрлітөбе», Жамбыл облысындағы «Аухатты», Түркістан облысындағы «Атамекен» және Жетісу облысындағы «Нұрлы жол» өткізу бекеттері кіреді. Жүйе визасыз сапармен келетін шетел азаматтарына арналған. Қазақстан азаматтарына бұл талап қолданылмайды. 

Электрондық рұқсатты QazETA цифрлық платформасы арқылы сапарға дейін кемінде 72 сағат бұрын рәсімдеу қажет. Қызмет тегін, рұқсаттың жарамдылық мерзімі — 180 күнтізбелік күн. Алайда 2026 жылғы қарашадан 2027 жылғы маусымның соңына дейін рұқсаттың болмауы өздігінен елге кіргізбеуге негіз болмайды. Бұл кезеңде шетелдіктерге жаңа тәртіп түсіндіріледі. 

2027 жылғы 1 қаңтардан бастап жүйе Астана мен Алматы әуежайларында, ал 1 наурыздан бастап қалған өткізу бекеттерінде енгізіледі. 2027 жылғы 1 шілдеден бастап тиісті санаттағы шетел азаматтарына электрондық рұқсаттың болмауы елге кіруден бас тартуға негіз болуы мүмкін.

Барлық жаңалықтар