Әлеуметтік желіде блогер Айтуған Ғалымовтың ресми некедегі әйелі бола тұрып, мешітте неке қидырып, екінші әйел алғанына қатысты жұрт наразылық білдіріп жатыр деп жазады Democrat.kz.
Әлеуметтік желі қолданушыларды зайырлы мемлекетте өмір сүріп, ресми некесі бар кісінің, танымал адамның имам некесін екінші әйелмен қиып, жарияға жар салуын пропаганда деп ашулануда.
"Шыдамым жетпей мына екеуінің үстінен Бас Прокуратураға арыз жаздым. Не шаруаң бар дейсіздер ғой, мен қоғам да мұндай істер, адамдар норма болып қалыптасуына қарсымын! Қәзір культ, популизация тоқалдарға жүріп жатыр, мен қарсымын!
Әлеуметтік желіде зайырлы қоғам өкілдері шариғат талаптарымен жүргісі келетіндердің әрекеттеріне тулап жатыр. Дұрыс! Зайырлы елде балалы-шағалы адамның заңды некесі бұзылмай тұрып, екінші адаммен өздері айтпақшы никяхқа тұруы заңсыздық.
ҚМДБ қарасты имамдар да бұл мәселеге мұқият болу керек. Қандықол Қуандық Бишимбаевтың некесін Салтанат марқұммен осылай қия салған имам сөгіс алмап па еді?!" деген пікір жазған желі қолданушылар ресми арыз түсіргендерін да мәлімдеп жатыр.
Қоғамды шулатқан бұл оқиғаға қатысты надани түсініктен арылмаған, білімсіз кісілер әжарайсың, екінші, үшінші әйел алу керек нағыз еркек" деп өрекпісе, ал білімді кісілер заңды алға тартуда.