Құрылтай сайлауы тамыз айында өтетін болды. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты деп хабарлайды Democrat.kz.
«Конституция күшіне енген сәттен бастап бір палаталы Құрылтай сайлауын өткізу жөніндегі Жарлыққа қол қоямын. Сайлау биыл тамыз айында өтеді», - деді Тоқаев.
Президент мұны ерте айту себебін түсіндірді. Айтуынша, саяси партиялар сайлау науқанына дайындықты ертерек бастауы керек.
«Мұны әдейі ерте айтып отырмын. Өйткені партиялардың жоспарларын айқындап, сайлау науқанына дайындық жүргізуіне жеткілікті уақыты болуы керек. Осылайша, партиялардың сайлаушылармен тиісті жұмыс жүргізуіне бес айға жуық уақыт беріледі», - деп атап өтті президент.
Айтуынша, құрылтай сайлауы Қазақстанның бүкіл саяси жүйесін жаппай «қайта құруға» жол ашады.