Қылмыстық топтардан қару мен қымбат көліктер тәркіленді: 50-ден астам адам жауапқа тартылып жатыр

Қылмыстық топтардан қару мен қымбат көліктер тәркіленді: 50-ден астам адам жауапқа тартылып жатыр

Қазақстанның бірнеше өңірінде бопсалаумен айналысты деген қылмыстық топтарға қарсы ірі операция өтті. Күдіктілерден қару-жарақ пен қымбат автокөліктер тәркіленіп, жәбірленушілердің 77 млн теңгеден астам ақшасынан айырылуына жол берілмеді, деп жазады Democrat.kz.

ІІМ Астана, Өскемен және Алматы облысында бірқатар ұйымдасқан топқа қарсы операция жүргізілгенін хабарлады.

Тек қыркүйек айындағы эпизодтардың бірінде 40 млн теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталған.

Олардың үшеуі бұрын сотталған. Полиция мәліметінше, арасында адам өлтіру қылмысы үшін жазасын өтеген азаматтар да бар.

Тінту кезінде қару, оқ-дәрі, қымбат автокөліктер және басқа заттай дәлелдер тәркіленген.

ІІМ жыл басынан бері бопсалау фактілері бойынша 50-ден астам адам қылмыстық жауапкершілікке тартылып жатқанын хабарлады.

Жедел шаралар барысында жәбірленушілердің жалпы сомасы 77 млн теңгеден асатын ақшасының қылмыскерлер қолына өтуіне жол берілмеген. 

Барлық жаңалықтар