Танымал актер Рүстем Жаныаманов әріптесі Дариға Бадықоваға қатысты пікір білдірді деп жазады Democrat.kz.
Рүстем Жаныаманов журналистің "Дариға Бадықованың фильміндегі Олжастың орнында сіз болуыңыз мүмкін бе еді?деген сұрағына:
"Негізінде Дариға кезінде маған хабарласқан болатын. "Рүстем...сен маған керек боласың"деп қана қойған. Ол өзі сондай, Аяғына дейін ештеңені айтпайды. "Бір жоспарым бар еді, сен маған керек боп қаласың-ау. Жарайды, кейін сөйлесеміз"деген.
Кейін қарасам, Олжас екеуі "бааам"деп трекпен шықты. Кейін киносы шықты. Мен қуандым. Өзіне де айттым"деп жауап берді.