Қызылордадағы зауытта 120 тонна мұнай өнімі өртенді

Қызылордадағы зауытта 120 тонна мұнай өнімі өртенді

Қызылордадағы шағын мұнай өңдеу зауытында екі үлкен резервуар өртеніп, жалын 120 тонна мұнай өнімін шарпыды. Өрт сөндірушілер оттың көрші резервуарларға таралуына жол бермей, тағы үш сыйымдылықты сақтап қалды, деп жазады Democrat.kz.

Өрт Қызылорда қаласындағы Шоқай көшесінде орналасқан шағын мұнай өңдеу зауытында болған.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, әрқайсысының сыйымдылығы 60 тонна болатын екі резервуар жанған.

Олардың ішінде жалпы 120 тонна мұнай өнімі болған.

Өрт сөндірушілер келген кезде резервуарларды ашық жалын шарпыған және оттың көрші нысандарға таралу қаупі туған.

Операцияға Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімдері, жергілікті атқарушы органдар және басқа қызметтер тартылды.

Құтқарушылар өрттің таралуын тоқтатып, жақын тұрған тағы үш резервуарды жалыннан қорғап қалды.

Өрт толық сөндірілді. Оның шығу себебі мен келтірілген материалдық залал анықталып жатыр. 

Барлық жаңалықтар