Әлеуметтік желіде "Алтын ханым" атағына ие болған тренд директор Ақмоншақ Нұртаза туралы қызу талқы басталып, мектеп басшысын жұрт қатты сынап жатыр деп жазады Democrat.kz.
Танымал журналист Гүлбану Әбенова "Алтын ханым" директордың тек сахналарда ғана емес, "боттарды жабумен" де белсенді айналыса алатынын айтып:
«Алтын ханым» жеңімпазы туралы посттың астында біреулер тым белсенді болып кетіпті. Бірдей адамдар сияқты, бір мәтінді көшіріп қойғандай, қайта-қайта сол апайды мақтап жатыр: «керемет менеджер», «бәріне үлгереді» деп.
Қызығы - пікірлердің бәрі бір қалыптан шыққандай, сөздері де, стилі де ұқсас. Кездейсоқтық па, әлде мектепке комиссия баратын болған ба?Қалай десек те, бір ай бойы мектепте болмаған ғой бүл керемет менеджер. Мектеп директорсыз бір ай жұмыс істесе, сол завучтар істей берсін, бюджетке үнем болады.
Былтыр қыркүйекте бір күнде мектептің тугистағы парақшасына оқушылар мектепті, директорды мақтап жазғанға қатты ұқсайды бүгінгі әрекеттері. Сондықтан бүл апай жәй ғана «Алтын ханым» емес, «Пиардың құдайы» сияқты"деп жазба
жариялады.
Осы жазбамен бірге жарияланған "Алтын ханым" директордың Инстаграмдағы парақшасындағы деректер жұрттың назарына түсті.
Білдей білім саласы маманы, мектеп директорының парақшасында "РН докторант" деген "атағын" көрсетуі көпшіліктің күлкісін тудырды.
"PhD докторы ғылыми дәрежесі барын білуші едім, РН докторы деген атақ қайдан шықты?" Деп сұрап жатқандар бар.