Танымал журналист Руслан Өтепбай өзінің әлеуметтік желі парақшасында қазақстандық еркектерге арнап, үндеу жасады деп жазады Democrat.kz.
Руслан Өтепбай қоғамды дүр сілкіндіріп жатқан әйелдердің өліміне қатысты өз пікірін білдіріп: "Бір әйелді күйеуі өліп сүйеді. Ал бір әйелді күйеуі өлгенше ұрады.
Аяжан, Ажар, Салтанат, Нұрай, Мадина, Диана, Айзат... бұл жай ғана есімдер емес. Әрқайсысының артында бір өмір, бір тағдыр тұр, бір қасірет бар.
Қорғаны болуға тиіс адамнан қорғанып өмір сүру әйел үшін ең ауыр қасіреттің бірі. Ер азаматтар, қазақтың қыздары қырылып қалмай тұрғанда, оянайық!
Жұдырық ала жүгіруді тоқтатайық! Әйелді қорламайық, қорғайық! Әйелге айқайламайық, аялайық! Әйелмен ерегіспейік, еркелетейік! Аманаттап алған жарыңа қорқыныш емес, қорған бол!" деп үндеді.