Әнші Ерке Есмахан жұбайы RaiM-мен бірге сахнаға шығып, әлеуметтік желі қолданушыларының назарын аударды, деп жазады Democrat.kz.
Көпшілік әншінің кең пішілген көйлегіне мән беріп, оның сырт келбетіне қатысты түрлі болжам айта бастаған.
Бірқатар қолданушы Еркенің сәл салмақ қосқанын жазса, енді бірі өнер иесі тағы да жүкті болуы мүмкін деп топшылаған.
«Ерке тағы да аяғы ауыр ма?», «Аяғы ауыр сияқты», «Төртінші баласын күтіп жүр ме екен?» – деген пікірлер жазылған.
Әзірге Ерке Есмахан да, RaiM да бұл болжамдарға қатысты ресми пікір білдірген жоқ. Сондықтан желідегі әңгімелер әзірге тек қолданушылардың жорамалы күйінде қалып отыр.