Сәкен Майғазиев шексіз алғысын білдіріп, ағынан жарылды

Сәкен Майғазиев шексіз алғысын білдіріп, ағынан жарылды

Әнші Сәкен Майғазиев туған жерінде жерлестеріне арнап ашық аспан астында тегін концерт өткізді. Өнер иесі мұндай кеш ұйымдастыруды көптен бері армандағанын жеткізді, деп жазады Democrat.kz.

Сәкен Майғазиев қуанышты жаңалығын әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісіп, туған елінде тегін концерт беру өзінің көптен бергі армандарының бірі болғанын айтты.

Әншінің сөзінше, концертті өткізуге достары мен сахналастары да қолдау көрсеткен. Сондай-ақ ол шараның ұйымдастырылуына атсалысқан азаматтарға алғысын білдірді.

«Туған еліме, жерлестеріме ашық аспан астында тегін концерт ұсынуды армандап жүр ем, сол күнге де жеттік, АЛЛАға шүкір. Пейілі далалай дархан жерлестеріме, мені қолдап келген достарым, сахналастарыма және қауіпсіздікпен қамтамасыз етіп, алаң мен сахна дайындап, қолдау білдірген Созақ ауданының әкімі Мұхит Сексенбайұлы мырзаға мың алғыс білдіремін. Бәріңізді құшақтадым!» – деді Сәкен Майғазиев.

Өнер иесі осылайша көптен күткен арманының орындалғанына қуанышын білдіріп, концертке келген жерлестеріне ризашылығын жеткізді.

Барлық жаңалықтар