"МузАрт" тобының әншісі Сәкен Майғазиевтің әйелі Динара мен келіні Әдияның әлеуметтік желіде жариялаған видеосы қызу талқыға түсті деп жазады Democrat.kz.
Видеода келіні Әдиямен бірге келе жатқан Динара Майғазиева көліктің қасына келгенде, алдыңғы орынға өзі отыратынын ыммен білдіреді.
Көлікте жүргізуші ретінде ұлы отыр. Енесінің қас қабағынан ыққан Әдия келін де алдыңғы орынның есігін ашып беріп, көліктің артқы орнына жайғасады.
Көліктің алдыңғы орнына таласқан келін мен ененің бұл әрекетіне қатысты жұрттың пікірі екіге жарылды.
Бір тарап "дұрыс, шешесі алдына отыруы керек", "енесінің жолы үлкен", "келін артқа отыруы керек" десе, келесі тарап "Сәкен рөлде отырса, әйелі отырса, жарасады. Ал мына жерде келін күйеуінің қасына отыруы керек еді", "әркім күйеуінің қасына отыруы керек", "енесінікі дұрыс емес" деуде.