Салықты бірден төлей алмайтындарға жаңа мүмкіндік: ереже 17 қазанда өзгереді

Салықты бірден төлей алмайтындарға жаңа мүмкіндік: ереже 17 қазанда өзгереді

17 қазаннан бастап Қазақстанда салық, төлем және өсімпұлды кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу тәртібі жаңарады. Қаржы министрлігі өтініш беру, кепіл рәсімдеу және шешім қабылдау ережелерін қайта бекітті, деп жазады Democrat.kz.

Қаржы министрінің 30 қыркүйектегі бұйрығымен салық міндеттемесін кейінге қалдыруға қатысты бірқатар құжат жаңа редакцияда жазылды.

Өзгерістер 17 қазанда күшіне енеді. 

Жаңартылған тәртіпте кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу туралы өтініштің нысаны, мемлекеттік органның келісім беру немесе бас тарту туралы шешімі және кепіл шартының үлгісі нақтыланған.

Мұндай мүмкіндік салық міндеттемесін белгіленген күні толық орындай алмайтын салық төлеушілерге төлемді кейінірек жасауға немесе бірнеше бөлікке бөлуге мүмкіндік береді.

Алайда бұл салықтың кешірілуі емес. Берешек сақталады және заңда белгіленген шарттар бойынша төленуі тиіс.

Барлық жаңалықтар