"Сарттар әйелдеріміздің төсіне қол салған": Этнограф сарттарға қатысты сұмдық оқиғаны айтып берді

"Сарттар әйелдеріміздің төсіне қол салған": Этнограф сарттарға қатысты сұмдық оқиғаны айтып берді

Әлеуметтік желіде қазақтың түрлі салт, дәстүрімен тарихы туралы ерекше дүниелер жариялап жүрген ЕсАға атты азамат тағы бір оқиға туралы айтып, жұрт жағасын ұстады деп жазады Democrat.kz.

"Ақ жалау бардамалым бар деме, ғазірейіл барда жаным бар деме" деген қазақта бар сөз қайдан шыққан? Кезінде Бұхара, Қоқан хандарының заманында сарттар қазақтардан зекет алып тұрған екен. 

Жай ғана зекет емес, малдарымен қоса, әрбір қыз үшін де қырық жеті мал санап алып отырған. Ол аздай, "қыз ба, әйел ме" деп әр қыз-келіншектің төсін сығып, ұстап көретін болған екен. 

 Қоңырат еліндегі Көктің Сапа деген атақты кісінің Мұсабек деген інісі би болған екен. Сол кісіге түйе жетектеген бір бәйбіше келіп: "Сенің ағаң бәріне сөзін өткізетін өткір кісі еді. Ал сен сарттың әр еркегіне суалған емшегімізді ұстатып, түк істей алмай отырғаның қалай? Сені де шешең ұл таптым деп қуанды-ау?! Өйтіп тапқан артымның садағасы"деп сүйегінен өтер сөз айтады. 

Мына сөзге намыстанған Мұсабек жігіттерді жинап "бір күн туыппыз, бір күн өлерміз" деп сарттарға лап қояды. Бір күннің ішінде зекет жинағыш сарттарды "бидай" дегізіп көздерін жояды. "Бидай" дегізу себебі, сарттар бидайды "буғдай" дейді екен" деп ЕсАға қазақтың басынан өткен осындай нәубетті жеткізді. 

Барлық жаңалықтар