Сегіз еркекпен көзіне шөп салған әйеліне жалынып видео жариялаған еркек интернеттің жұлдызына айналды

Сегіз еркекпен көзіне шөп салған әйеліне жалынып видео жариялаған еркек интернеттің жұлдызына айналды

Cегіз бірдей еркекпен көзіне шөп салған әйеліне жалынып, үйіне қайтуын сұрап, видео жариялаған еркек жұртты таңғалдырды деп жазады Democrat.kz. Mothership сайтына сілтеме жасап. 

Басылымның жазуынша, тайлық еркек өз әйелінің күрт өзгергенін байқап, телефонын тексерген. Әйеліне Чжанның бұл әрекеті ұнамай, арада ұрыс оты лаулаған.

Чжан мұнымен қоймай, әйелінің телефонын қолға түсіріп, ақтарып көреді. Сол кезде ол әйелінің сегіз еркекпен төсектес болып, көзіне шөп салғанын біледі. 

Үш ай ішінде сегіз еркекпен түрлі отельде түнін өткізген әйелінен неге бұлай жасағанын сұрағанда "ажырасайық, сенімен тұрғым келмейді" деген қысқа жауап алады. Арада бар үш баласына қарамастан, әйелінің "ажырасайық" дегені Чжанға оңай тимепті. 

Әйтсе де әйелі осы оқиғадан кейін үйден қашып кетеді. Бірнеше күннен бері әйелін таппаған Чжан әлеуметтік желі арқылы әйелінен кешірім сұрап "кешірші, сенің телефоныңды тексеріп, қателік жасадым. Үйге қайта оралшы, өтінемін" деген видео жариялады. 

Әлеуметтік желіде Чжанның бұл видеосы қызу талқыланып жатыр. 

 
.

Барлық жаңалықтар