Әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың тоқалы Айман ТикТок әлеуметтік желісінен жұртшылыққа үндеу "жасады" деп жазады Democrat.kz.
"Сәлем бердім баршаңызға! Құрметті, оқырман, қадірлі қолдаушыларым!" Деп басталатын жазбасында Айман оқырмандарына осы аккаунттың ресми және жалғыз аккаунты екенін және басқа фейк аккаунттарда тарап жатқан ақпараттарға сенбеуге шақырды.
Мұнан бөлек аталмыш парақшада Айман: "Тұрсынбекпен қалай танысып, табысқанымыз туралы айтып берейін бе?" Деп сурет бөлісті.
Өзіне жасалған қымбат сыйлықтардың фотоларын тоқтаусыз жариялап отырған Айман "өсекке сеніп, ғайбаттауды қойыңыздар!"деген ескертуін де жасады.

