Шавкат Рахмоновтың бұрынғы әйелі жұрт білмейтін сұмдықты айтты

Шавкат Рахмоновтың бұрынғы әйелі жұрт білмейтін сұмдықты айтты

Қазақстандық танымал UFC файтері Шавкат Рахмоновтың жұбайы Гүлайым Руслан Өтепбайдың YouTube-арнасына берген сұхбатында отбасылық өміріндегі маңызды жаңалықпен бөлісті деп жазады Democrat.kz. 

Оның айтуынша, ерлі-зайыптылар арасында мүліктік қатынастарды реттейтін ресми неке шарты жасалған. Бұл мәселе 2025ж. наурыз айында үш баласымен Дубайда өткізген отбасылық демалыстан оралған соң, сәуір айында көтерілген.

Гүлайым бастапқыда бұл ұсынысты әзіл ретінде қабылдап, Шавкатқа: «Менде ештеңе жоқ қой. Кем дегенде тұрып жатқан үйді бер немесе бизнес ашып бер, сонда қол қоямын»,-деп жауап бергенін айтты. Алайда, кейіннен бұл бастама спортшының жақын туыстары тарапынан анасы немесе бауырларының «ертең ажырасса, мүлікке таласады» деген қаупінен туындауы мүмкін екенін түсінген. 

Жұбайының бойындағы күдікті сейілту үшін ол құжатқа қол қоюға бел буған. «Егер Шавкат мені тек мүлік үшін бірге жүр деп ойласа, қол қояйын деп шештім»,-деді ол.

Келісімнің басты шарты бойынша, ажырасу жағдайында әркімнің өз атына рәсімделген мүлкі өзінде қалады. Қазіргі таңда Гүлайымның атында тек апатқа ұшыраған бір автокөлік қана бар екені белгілі болды.

Айта кетейік, Шавкат Рахмоновтың қаржылық табысы соңғы уақытта айтарлықтай өскен. 
Мәліметтерге сүйенсек, ол 2024 жылдың желтоқсанындағы UFC 310 турниріндегі жекпе-жегі үшін 350 мың доллар кепіл гонорар мен 100 мың доллар жеңіс сыйақысын алған.

Жалпы бонустар мен төлемдерді есептегенде, спортшының бір кездесуден тапқан табысы 1 млн $ асады. Мұндай ірі сомалардың аясында неке шартын жасау отбасылық активтерді заңды түрде қорғаудың қадамы ретінде бағалануда.

Барлық жаңалықтар