"Шешем ешкімді танымай қалды" деген Айгүл Иманбаева ауыр күндері туралы айтты

"Шешем ешкімді танымай қалды" деген Айгүл Иманбаева ауыр күндері туралы айтты

Танымал актриса, әнші Айгүл Иманбаева анасының басынан өткен ауыр жағдай туралы айтып, сол бір қиын уақытты еске алды деп жазады Democrat.kz.

Айгүл Иманбаева өзінің анасына тартқан қасиеттерін ерекшелеп айта отырып, бір кездері шешесінің инсульт алғанын еске алды. 

"Анамызды "тәте" дейміз. Тәтем біз кішкентай кезде инсульт алды. Сол инсульттан кейін тәтеміздің көзі толық жабылмайды. 

Екінші рет инсульт алғанында мен Қордайға кетіп бара жатқанмын. "Мама, тез келші. Апам бізді танымай жатыр. Үйді су алып жатыр деп жатыр"деп балам хабарласты. 

Кері бұрылып, үйге келгенімде, тәтем мені де танымайды. Анам екінші инсульттан кейін есте сақтау қабілетін жоғалтты", деген Айгүл Иманбаева анасының мықтылығын айтты. 

Барлық жаңалықтар