"Хабар" арнасының "Кеш жарық" бағдарламасында қонақта болған әнші Алтынай Жорабаева отбасындағы өзіндік қалыптасқан тәртіп туралы, әкесі туралы айтып берді деп жазады Democrat.kz.
Алтынай Жорабаева кішкентайынан әкесіне жақын болғанын айтып: "Шешеме көп жолай бермеймін. Шешемнен қорқаын да. Ал әкеміз үйде бәрімізді еркелетіп, қатты өбектейтін кісі.
Кішкентайымнан әкеме жақын болып, сырласып өстім. Тіпті күйеуге шығатын кезімде де ең бірінші әкеме айтып, әкеммен ақылдасқанмын.
Әкеге қыздар жақынырақ дейді ғой. Әке қыздарына махаббатын берген сайын, бала да соған жақын болады екен ғой.
Шешем мінезі ауыр кісі. Ал әкем әлі күнге дейін бізді еркелетіп, маңдайымыздан сүйіп, махаббатын беріп отырады", - деді.