"Шешеңді сыйлайын" дейтін блогер қайтыс болды деген хабар тарады

"Шешеңді сыйлайын" дейтін блогер қайтыс болды деген хабар тарады

Әлеуметтік желіде "шешеңді сыйлайын" деп сөзін бастап жұртқа танымал болған блогер Мадияр Телғозиев туралы жаман хабар тарады деп жазады Democrat.kz.

ТикТок әлеуметтік желісіне 87015226322 деген никпен тіркелген желі қолданушы: "Бұл мен көрген нәрсе, Мадияр Телғозиннің зираты туралы. Онда біртіндеп еске алып, оның ағымдағы жағдайын ойлаймын.

Өмірі мен шығармашылығы туралы ойларым көп, ол әрдайым есімде қалады" деп жазып, әлдебір жаңа бейіт пен блогер Мадияр Телғозиннің фотосын қатар қойып, мұңлы әуенмен ақпарат таратты. 

Мұны көрген жұрттың көбі "иманды болсын" десе, енді бірілері "өтірік ақпарат", "бүгін ғана көрдім", "бұлай өтірік ақпарат таратқанды соттау керек"деп пікір жазуда. 

Біз де мына ақпараттан соң, блогер Мадиярдың әлеуметтік желідегі парақшаларын ақтарып қарап, оның аман екенін анықтадық. 

Десек те, көпшілік тірі "шешеңді сыйлайын" блогерге дұға жасап, бет сипап жатыр...

Мадияр Телғозин өзін "өлтіріп тастаған" бұл ақпаратқа қатысты әзірге ресми ештеңе айтпады. 

Барлық жаңалықтар