"Шімән апаға" достары туған күніне тоқал сыйлады

"Шімән апаға" достары туған күніне тоқал сыйлады

Жалпақ жұртқа "Шімән апа" деген атпен танылған әзілкеш, актер Ерболат Төлеген 40 жасқа толған туған күнін дүркіретіп өткізді. Сол мерейтойда оған достары сюрприз жасады деп жазады Democrat.kz.

Ерболат Төлегеннің достары туған күнінде ерекше сыйлық жасап, жұртты күлкіге қарық қылды. "Ерболат, сенде бәрі бар. Үйің бар, көлігің бар, әйелің бар, Ақшаң бар. 

Біз саған бүгінгі туған күніңе не сыйларымызды білмей, ақырында ойласа келе, келіншегіңе көмекші болатын, ал саған серік болатын тоқал сыйлауды жөн көрдік", -- деген актердің достары беті орамалмен жабық "тоқалды" ортаға шығарды. 

"Тоқал келіннің" бетін ашқан актердің анасы орамалдың ішінде тұрған еркекті көріп, әрі шошып, әрі күліп жіберді. 

Ерболаттың достарының бұл әзілі әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті. 

Барлық жаңалықтар