Әлеуметтік желіде тараған кезекті бір видео жұртты таңғалдырып, түрлі пікір жазғызып, қызу талқыға түсті деп жазады Democrat.kz.
Әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың қызы Айымның ТикТок парақшасында бөліскен ол видеоны "зерттеп, зерделеген" жұрт шок жағдайға түсті.
Видеода Тұрсынбек Қабатов, Мейрамбек Беспаев, Қайрат Нұртас және Мөлдір Мұқанова бір ортада жүргенін көруге болады.
Әйтсе де, осы видеоны түсіріп тұрған адамның бейнесі қарсыдағы айнада көрініп қалыпты. "Видеоны түсіріп тұрған Тұрсынбек Қабатовтың тоқалы атанған Айман Талғатқызы"деген пікір әбден талқыға түсті.
Бірі "видеоны Айман түсіріп тұр", "дәл солай, айнада анық көрініп тұр", "ол емес", "қызы ғой", десе, енді бір тарап "Тұрсынбек, Айман және Мөлдір үшеуі бірге қыдырып жүр ме?" "Мәссаған рас па?", "бұл қалай сонда" дегенге саятын пікір жазуда.
Желідегі жұртты пікірталасқа түсірген видеоны кім түсірді? Бұл сұраққа видеоны парақшасында жүктеген Айым Тұрсынбекқызы да жауап бермеді.