Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың бұрынғы әйелі Мөлдір Мұқанова әлеуметтік желідегі парақшасында тұңғыш қызының диплом алғанын айтып, қуанышымен бөлісті деп жазады Democrat.kz.
Ол қызына арнап әсерлі жазба жариялап, бұл күннің өздері үшін ерекше маңызды екенін жеткізді.
«Тұла бойым тұңғышым дипломын алды. Шүкір, осы күнге де жеттік! Адемок, сен білесің, бұл диплом бір жапырақ қағаз болып тұрғанымен, оның артында екеуміздің сабырымыз, көз жасымыз, сенің үлкен еңбегің бар! Көзіңдегі отың сөнбесін! Алла ғұмыр, денсаулық, күш-қуат берсін. Мен әр белесіңде жаныңнан табыламын! Саған сенемін!» деп жазды Мөлдір Мұқанова.
Желі қолданушылары ана мен қыздың қуанышына ортақтасып, жылы лебіздерін білдірді. Көпшілік жас түлекке сәттілік тілеп, Мөлдір Мұқанованың аналық ақ тілегіне сүйсінгенін жазды.