Шымкентте дегеніне көнбегені үшін пышақталып өлтірілген Нұрайдың туыстары тағы да сұмдықтардың бетін ашып, жазба жариялады деп жазады Democrat.kz.
"Мені темір торға отырғыза алмайсың" деген сөзбен Аймахан Шерхан кішкентай ғана Нұрайды қорқытқан.
Біздің марқұм Нұрай күзгі семестр басталғалы бұрынғыдай күліп-жайнап жүрмейтін болды. Оған себеп — АЙМАХАН ШЕРХАН.
Жаз мезгілінде тойда танысып,бастапқыда артынан қалмай «ухаживать» еткен. Алайда уақыт өте келе Нұрайға психологиялық қысым көрсетіп, қоқан-лоқы жасай бастаған.
Ақырында,қыздың да,оның ата-анасының да айқын қарсылығына қарамастан, Нұрайды Алматы қаласынан Шымкентке күштеп алып қашқан.
Қызды қылмыскердің үйінен туыстары алып кеткенімен, осы оқиғадан кейін Нұрайдың өмірі тозаққа айналды.
АЙМАХАН ШЕРХАН ұзақ уақыт бойы сталкингпен айналысқан:
— Нұрай оны бұғаттаған кезде, оның құрбыларына жазған;
— Құрбыларына қайта-қайта мазалап хабарласып, — Әлеуметтік желідегі парақшалар арқылы Нұрайдың әр қадамын аңдыған.
Нұрай бұл әрекеттердің барлығын скриншоттап, дәлел ретінде жинаған. Алайда полицияға арыз жазған кезде, оның арызы тиісті түрде қарастырылмаған.
Қылмыскердің өзі ашық түрде: «Мені темір торға отырғыза алмайсың» деп айтқан.Ол Нұрайдың сабақ кестесін анықтап, оқу орнына келіп, қорқытып-үркітіп жүрген. Айтқан сөздері мен жазбалары оның психикалық тұрғыдан қауіпті тұлға екенін айқын көрсеткен. Қатты қорыққан Нұрайды сабаққа ағасы алып барып, күтіп алуға мәжбүр болған.
Өкінішке қарай,барлық ескерту белгілеріне, дәлелдерге,арыздарға қарамастан,бұл іс құзырлы органдар тарапынан уақытында тоқтатылмады.
Нәтижесінде бұл оқиға қасіретті түрде аяқталып,Нұрай АЙМАХАН ШЕРХАННЫҢ қолынан қаза тапты. БІЗДІҢ ТАЛАБЫМЫЗ — ӘДІЛДІК!
Біз қылмыскерге Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі бойынша: — Алып қашу (мәжбүрлі некеге итермелеу), — Сталкинг, — Қоқан-лоқы көрсету, — Адам өлтіру баптарының барлығы толық көлемде қолданылып, МАКСИМАЛДЫ ЖАЗА ТАҒАЙЫНДАЛУЫН талап етеміз.
Сонымен қатар, Нұрайдың арызын қабылдамаған, тиісті шара қолданбаған полиция қызметкерлерінің әрекетіне құқықтық баға беріліп, олар да жауапкершілікке тартылсын!
Бұл — бір адамның емес, бүкіл қоғамның трагедиясы. Бұл — еленбеген арыздың, қорғалмаған қыздың, жұмысын атқармаған жүйенің салдары.Нұрайдың қаны — әділдік сұрап тұр", деп жазды марқұм Нұрайдың туысы.