Шымкенттік әйел өз балаларын сабап, үтікпен күйдіріп, әбден қорлаған

Шымкенттік әйел өз балаларын сабап, үтікпен күйдіріп, әбден қорлаған

Шымкентте анасы бауыр еті балаларын әбден сабап, денесіне үтік басқан. Тіпті, жасөспірімдердің денесінде сау жері жоқ дейді туыстары. Қазіргі таңда, балалар ауруханада тиісті ем алып жатыр деп жазады Democrat.kz. сайты Otyrar.kz.-ке сілтеме жасап.

 Олар қазір мемлекеттің қорғауында. Бұл фактіге қатысты жауапты орган өкілдері жұмыс жасап жатыр. Алдағы уақытта анасына қатысты тиісті шешім қабылданады.

«Бұлардың ауыздары күйген. Беттері күйген. Денелері күйікте. Шаштарын алып тастаған».  

Осылай деген балалардың апасы бет -жүзін көрсетпеуді сұрады. Оның айтуынша, 10 және 8 жастағы балаларға анасының көрсетпеген қорлығы жоқ. Денелерін үтікпен күйдіріп,5 сынып оқитын қызының шашында тықырлап алып тастаған. Мұндай қатігездікті өзге де туыстары растап отыр. Тіпті, өзенге апарып, суға салған көрінеді.

«Балаларды шеше деген олай ұрмайды. Қалай тірі қалғанына біз таң қалып отырмыз. Күндіз-түні Қошқар атаға апарған. Ұрған. Итерген. Қинаған. Судан қайта шығарып, су күйінде үйіне алып келген. Бала -шағаның күймеген жері қалмаған. Шаңсорғыштың темірімен ұрған дейді. Шнурымен ұрған. Бұл айуандық».

Қазіргі таңда балалардың жағдайы жақсы. Тиісті ем қабылдап жатыр. Дегенмен олармен психологтар жіті жұмыс жасауы керек дейді мамандар.

Сонымен қатар, ауруханада жатқан балалардың екі бауыры, яғни 4 және 1 жастағы сәби мемлекеттік мекемелерге жайғастырылған. Бұл туралы бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілдің көмекшісі мәлімдеді.

АБАЙ ПАХЫНБЕТОВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ БАЛА ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ ӨҢІРЛІК УӘКІЛДІҢ КӨМЕКШІСІ: «Жалғызбасты ана 4 баласымен бірге тұратыны анықталды. Ол жерде жолдасы әйелдің айтуы бойынша заңды түрде ажырасқан. Дегенмен дәлелді құжаттарын көрсете алмады. Осыған байланысты депрессиялық жағдайға түсіп, өзінің үлкен қызы мен баласына дене жарақаттарын келтіргенін ананың өзі мойындап отыр. Бүгінгі күнде кәмелетке толмаған балалар мемлекеттің қамқорлығына өтті».

Аталған жағдай бойынша балалардың анасына қатысты Шымкент қаласы Абай аудандық полиция басқармасында тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

«Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Істің барлық мән-жайларын анықтау үшін тергеу шараларының кешені жүргізілуде. Сондай-ақ жиналған материалдар әйелді ата-ана құқығынан айыру мәселесін қарау үшін кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға жолданатын болады».

ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ

Туыстарының айтуынша, жәбір көрген балалардың анасы мен әкесі 2023 жылы ажырасып кеткен. Алайда, бірнеше айдан соң қайта қосылған. Бірақ, нәтиже дұрыс болмады дейді жәбірленуші балалардың апасы.

Ал, балалардың құқығын қорғау жөніндегі мамандардың айтуынша, балаларға қатысты қатыгездік таныту, ұрып-соғудың негізі себептері, ажырасу, тұрмыстық жағдайдың әлсіреуінен деп отыр. Десе де, бұл мәселе, тиісті органдардың бақылауында болмақ.

Барлық жаңалықтар