Сирия соты елдің бұрынғы президенті Башар Асадты сырттай өлім жазасына кесті, деп жазады Democrat.kz.
Reuters агенттігінің хабарлауынша, ол 2011 жылы үкіметке қарсы наразылықтарды басу кезінде қасақана адам өлтіру, өлімге әкеп соққан азаптау және заңсыз бас бостандығынан айыру қылмыстары бойынша кінәлі деп танылды.
Бұрынғы президенттің бауырлары Махер Асад пен Атеф Наджиб те сырттай ең жоғары жаза — өлім жазасына кесілді. Бұл — Сирияда билік ауысқаннан кейін бұрынғы ел басшысына қатысты шығарылған алғашқы айыптау үкімі.
Айта кетейік, сот шешімі сырттай шығарылды, өйткені Асадтың өзі сот отырысына қатысқан жоқ. 2024 жылғы желтоқсанда биліктен құлатылғаннан кейін ол Сириядан кетіп, БАҚ-тағы соңғы мәліметтер бойынша, қазір Ресейде жүр.