Сұмдық оқиға: Екі оқушының асылып тұрған денесі үйінен табылды

Сұмдық оқиға: Екі оқушының асылып тұрған денесі үйінен табылды

Жамбыл облысында екі бірдей оқушының асылып тұрған денелері өз үйлерінен табылды деп хабарлайды Democrat.kz.

Қайғылы оқиға 15 сәуір күні таңғы сағат 6:00-де Қордай ауданының Қаракемер ауылында болған. Сарай ішінен екі тоғызыншы сынып оқушысының мәйіті табылды. 

Алдын ала мәлімет бойынша, олар суицид жасаған.
Полиция аталған дерек бойынша «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бабымен қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

«ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы (Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдарының қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу амалдарын жүргізіп жатыр».

Барлық жаңалықтар