Талдықорғанда қалалық жағажай аумағында денесінде сырттай зорлық-зомбылық белгілері жоқ ер адамның мәйіті табылды. Аталған дерек бойынша полиция қылмыстық іс қозғады, деп жазады Democrat.kz.
Жетісу облыстық полиция департаменті хабарлағандай, қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын толық анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Осы қайғылы жағдайға байланысты полиция департаменті өңір тұрғындары мен қала қонақтарына су айдындарында демалу кезінде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды ескертеді:
- Шомылу кезінде алкогольдік ішімдіктерді тұтынбаңыз;
- Арнайы жабдықталған әрі қауіпсіз аймақтардың шегінен тыс жерлерге жүзіп кетпеңіз;
- Судағы өзін-өзі ұстау ережелерін бұлжытпай орындаңыз.
Тәртіп сақшылары азаматтарды өз өмірлері мен жақындарының қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырады.