2026 жылдың басынан бері теңге долларға қатысты шамамен 12 пайызға, ал қыркүйектің басынан бері тағы 3,1 пайызға нығайды. Ұлттық банк ұлттық валютаның әдеттен тыс күшеюіне әсер еткен негізгі факторларды атады, деп жазады Democrat.kz.
Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекованың айтуынша, теңгенің динамикасына ішкі және сыртқы бірнеше фактор қатар әсер еткен.
Ұлттық валютаның нығаюы импорттық тауарлардың теңгемен есептелетін бағасына қысымды азайтуы мүмкін. Сонымен қатар бұл валюталық депозиттер мен экспорттаушылардың кірістілігіне әсер етеді.
21 қыркүйек күні сағат 11:00-дегі KASE саудасында доллардың орташа бағамы 447,77 теңгені құрады. Ұлттық банктің осы күнге белгілеген ресми бағамы — 446,56 теңге.
Астанада айырбастау пункттеріндегі доллардың ең жоғары сату бағасы 451 теңгеге, Алматыда 450 теңгеге жетті.
Ұлттық банк теңгенің оң динамикасы сақталған жағдайда валюталық депозиттер бойынша мөлшерлемелерді кезең-кезеңімен ырықтандыру мүмкіндігін де қарастыра алады.