Терістеу: Әділ Сайлаубекке қатысты жарияланған материал туралы

Терістеу: Әділ Сайлаубекке қатысты жарияланған материал туралы

2026 жылғы 14 тамызда Democrat.kz ақпараттық-талдау интернет-ресурсында «"Завучке ақша аударған": Танымал мектеп директорының әйелі сұмдық мәлімдеме жасады»* атты материал жарияланған болатын.

Аталған жарияланымда Әділ Сайлаубекке қатысты үшінші тұлғаның мәлімдемелеріне негізделген ақпараттар келтірілді.

Материал жарияланған сәтте редакция онда айтылған жекелеген тұжырымдарды даусыз әрі анықталған факт ретінде растайтын объективті дәлелдердің жеткілікті жиынтығына ие болмаған.

Әділ Сайлаубек өзіне қатысты таратылған мәліметтермен, сондай-ақ аталған жарияланым оның жеке және кәсіби мінез-құлқына қатысты қалыптастырған теріс түсінікпен келіспейтінін мәлімдеді.

Осыған байланысты даулы материал Democrat.kz сайтынан алынып тасталды және редакция оның әрі қарай таралуын тоқтатты.

Сонымен бірге редакция Әділ Сайлаубекке Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген ресми жауап беру құқығын пайдалануға мүмкіндік беруге дайын.

Democrat.kz редакциясы.

Барлық жаңалықтар