"Тез арада шешуді сұраймын!" деген Ақжүніс үндеу жасады

"Тез арада шешуді сұраймын!" деген Ақжүніс үндеу жасады

Танымал журналист Сәуле Әбілдаханқызы студенттердің жатақханасына қатысты мәселе көтеріп, ЖОО басшылығына үндеу тастады, деп хабарлайды Democrat.kz.

"Дәл қазір Қазақстанның батысы мен шығысынан, оңтүстігі мен солтүстігінен Алматыға, Астанаға т.б. қалаларға ағылған студенттерде шек жоқ. Олардың көбі - биыл ғана ЖОО түскен 1 курс студенттері... ал олардың жартысынан көбі - бұрын қала көрмеген, республиканың түкпір-түкпірінен келген, қалада тұратын жері жоқ, 16-17дегі жас балалар...  

Олардың бәрі де ең алдымен жатақханадан үміттеніп келеді, өздері таңдаған ЖОО жатақханасынан бір бұрыш бұйыратынына сенімді болады... 

Бірақ... өкінішке орай, жемқор дәу көкелері қазақтың жерасты-жерүсті байлығын 30 жыл бойы тонағаны аздай, олар өз балаларының жатақханаларын да сатып жіберген... жатақханалары жоқ, бірақ сол студенттердің есебінен күн көру үшін, ары қарай да байыған үстіне байи беру үшін сол "көкелері" жатақхана бермесе де ала жаздай өз оқу орындарын жарнамалап, студенттерді оқуға шақырумен болады... Оқуға түскенде жатақханамен қамтамасыз ете алмайды... ал оқуды бітіргенде жұмыспен қамтамасыз ете алмайды.... әйтеуір 4 жыл студенттердің санына орай ақша жасағандарына мәз...... 

Басқа ЖОО-рын қайдам, дәл Абай атындағы АГУ сондай деп кім ойлаған?!.. АГУ әкімшілігі, абитуриенттерді шақырғанда кереметсіздер... олар келді алыстан арман арқалап ару Алматыға....

Неге, тым болмаса, 1 курс студенттерін жатақханамен қамтамасыз етпейсіздер? Неге, тым болмаса, көпбалалы отбасылардың балаларын жатақханамен қамтамасыз етпейсіздер? 

Сонау 1000 шақырым жердегі Жетісайдан, "қызым оқуға түсті" деп, жүрегі алып-ұшып, қызын жатақханаға орналастырамын да қайтамын деп, кейінгі кішкентай 4 баласын үйіне қамап, студент қызын жетектеп Алматыға келген көпбалалы ананың неге тауы шағылды??

Неге ол жап-жас бойжеткен қызын Алматыға, бейтаныс ортаға тастап, қызына жатақхана алып бере алмай, жылап кері қайтты??? НЕГЕ????? 

Ондай жылап жүрген ата-аналар мыңдап саналады... тіпті, 3-4 қыздың ата-анасы бірігіп, амал жоқ, пәтер жалдауға дайын... алайда сол пәтерлер өте қымбат, ал қалтасы көтеретін арзанырақтары тым алыста, шетте дейді....

Мына заманда "1 курстарға жатақхана берілмейді" деген не сұмдық??? Ол қай "данышпанның" шығарған заңы?.? Керісінше, қанаты қатып үлгермеген, қалаға енді ғана келген дәл сол 1 курстарға, қалаға әбден үйренгенше, жатақхана берілуі шарт емес пе?

Жарайды делік, 4 курсқа берме жатақхана, мақұл, 3 курсқа да бермей-ақ қой... бірақ 1-2 курстағы жап-жас балаларға жатақхана бермеуге қалай ғана дәтің барады, ректор??? Осындай қарапайым ғана мәселені шеше алмасаңдар, несіне ректор боп отырасыңдар осы???!!!!.....

 Әлде жастарға, студенттерге "Қазақстанның, біздің болашағымыз" деп емес, "ақша жасау көзі" деп қарайсыңдар ма???? Неғұрлым көп студент болса - соғұрлым көп ақша.... Ал олар қайда тұрады - өз проблемалары, солай ма????

Президент Жаңа-Қазақстан 
Қасым-Жомарт Тоқаев Кемелұлы 
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі 

1-2 курс студенттерін, әсіресе көпбалалы отбасынан шыққан балаларды жатақханамен қамту мәселесін тез арада шешулеріңізді сұраймын!" Деп жазды Сәуле Әбілдаханқызы. 

Барлық жаңалықтар