Әр қалада той тойлатып жүрген продюсер Гүлзира Айдарбековаға фанаттары үнін жеткізе алмай отыр деп жазады Democrat.kz.
Гүлзира Айдарбекова әлеуметтік желіде пост жазған сайын сол жазбаның астына "шампуніміз қайда?"дейтін сұрақ көп жазылады.
Оқырманның сұрап отырғаны, таяуда шаш жуатын шампунь шығарып, оны сату арқылы ұтыс ойынын ұйымдастырған еді.
Енді сол шампуньге алдын ала ақшасын жіберіп, бірақ бүгінге дейін тауарын ала алмай отырғандар Гүлзира ханымның парақшасындағы әр посттың астына жазуда.

