"Тоқалдың дәуірі бітті": Тұрсынбектің Айманы жоқ болып кетті

"Тоқалдың дәуірі бітті": Тұрсынбектің Айманы жоқ болып кетті

Күн сайын күйкі тірліктерінің әр сәтін фото, видеоға түсіріп, "қыздар" деп майысып желіде шығып тұратын әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың тоқалы атанған Айман Талғатқызына кейбіреулер іздеу салып бастады деп жазады Democrat.kz.

Соңғы бірнеше күн бойы "Тұрсынбектің Айманы" Инстаграм парақшасында көйлек киген, үй сыпырған, ыдыс жуған, тамақ жасаған сияқты түкке тұрғысыз видеолар мен фотоларының ешбірін салмайтын болды. 

"Тұрсынбектің Айманын" өз оқырмандарынан басқа, хейтерлері де іздей бастапты. 

Threads желісінде "Тұрсынбектің Айманы қайда кеткен? Блокқа кетіп қалдым ба әлде" деген желі қолданушының жазбасына жазылған пікірлерден түйгеніміз, Айман Талғатқызының Инстаграмы блокқа кеткен көрінеді. 

"Тоқалдың дәурені бітті", "блокқа кеткен", "бәсе, хейт жазбасам да, мені блокқа тыққан ба деп жүрсем", "Тұрсынбек Мөлдірге лайк басты", "дұрыс болыпты блокқа кетсе" дегенге саятын пікір жазуда жұрт. 

Барлық жаңалықтар