Белгілі продюсер Баян Алагөзова Жеңіс мейрамында күйеуі, кәсіпкер Тұрсын Алагөзов әлемде ешкімде жоқ сыйлық бергенін айтып, видео жариялады деп жазады Democrat.kz.
Әлеуметтік желідегі парақшасында күйеуі әперген сыйлықты көрсетіп, видео жариялаған Баян Алагөзова: "Достар, ұйықтай алар емеспін. Күйеуім маған 9 мамыр мерекесіне әлемде ешкімде жоқ сыйлық берді.
Бес білезік. Бұл білезікте махаббаттың, тәңір белгісі, менің руым Масқардың, байлықтың, бақыттың белгілері оюланып, көрсетілген"деді.
Баян Мақсатқызының қолындағы саф алтыннан арнайы жасалған бес білезіктің үлкендігі мен салмағы көп кісіні ойландырып қойды.
