"Тұрсынбек арбаға таңылды?": Әзілкештің қорқынышты видеосы жарияланды

"Тұрсынбек арбаға таңылды?": Әзілкештің қорқынышты видеосы жарияланды

Әлеуметтік желіде танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың қорқынышты видеосы жарияланды деп жазады Democrat.kz.

"Тұрсынбектің Айманы" деп аталатын ТикТок парақшада арбада отырған Тұрсынбек Қабатовты Меккеде сүйреп бара жатқан тоқалының видеосы жұртты қорқытты. 

Өздерінің Меккеде екенін білдіргісі келсе керек, Айман діни бір сауал қойып, осы видеоны жұрттың назарына ұсыныпты. 

Оқырмандары "кешірілмейтін күнә да бар", "Тұрсынбек жүре алмай қалған ба?", "Тұрсынбек арбаға таңылған ба, не болған" деген сауалдармен алаңдап жатыр. 

Дайындаған Хақназар САДЫРХАН.

Барлық жаңалықтар