Тұрсынбек Қабатов парақшасына Мөлдірдің суреттерін толтырып "жаным" деп жазған

Тұрсынбек Қабатов парақшасына Мөлдірдің суреттерін толтырып "жаным" деп жазған

Соңғы уақытта өз суреттерін шығарып бастаған әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың тоқалы Айман кеше күйеуі екеуінің жартылай суретін бөлісіп, әлеуметтік желіде тағы қызу талқыға түсті деп жазады Democrat.kz.

Threads әлеуметтік желісінде Ләззат Нығмет атты желі қолданушы Айманның шымбайына бататын сөз жазып, блокқа кеткенін айтады.

"Тоқалдың салған суретіне “Тұрсынбектің парақшасында сен емес, Мөлдір тұр” дегем. Блокқа тығыпты"деген Ләззат Нығмет өзгенің отбасын бұзу, балаларды әкесінен айыру жақсы емесін айтады.

“Алдыңнан келеді, айтпа” дегендерге айтарым, олай үнсіз қалу - әділетсіздіктің жайылуына жол беру. Шариғат бойынша, отбасы болсын, қоғам болсын, әділетсіздік орын алған жерде оны түзетуге тырысу - әрбір мұсылманның міндеті" дейді Ләззат өз жазбасында. 

Желі қолданушылардың ашуына тигені Айманды қоғадай жапырылып қолдап, игі тіектерін жазып отырған басқа әйелдердің жазбасы еді. Өкінішке қарай, оны түсінетін сана болмаса, кімге не айтарсыз? 

Ләззаттың бұл жазбасы да талқыға түсіп, жұрт:  

"Шынымен, Мөлдірдің фотолары толып тұр ғо әлі, жаным деп жазған. Өшіртіп тастауға күші жетпеген шығар",  "Тоқалдықты құптап, “бақытты болсаңыздар болды, ел не демейді, энергияңыз экранның бетіне шығып тұр, сіз одан әдемісіз, бақыты сол шығар, т.с.с” коммент жазатын қазақ әйелдеріне таңырқаймын.Қалай біреудің ұйып отырған отбасын талқандаған адамға барып жағымсынады, оны насихаттап, парақшасына жазылып қояды ? Жағымсынудың шыңы тоқалдардың су бетіне көбіктей шығып, оны тіпті мақтан тұтан деңгейге жеткізді, өкінішке орай", деген пікірлер жазуда.  

 

Барлық жаңалықтар