Threads әлеуметтік желісінде әлі тоқтамай талқыланып жатқан тақырып "Тұрсынбектің тоқалына" қатысты енді болжамдар жасауға ойысты деп жазады Democrat.kz.
Әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың бұрынғы әйелі Мөлдір Мұқанованың сұхбатынан кейін жұрттың көкейінде сансыз сұрақ туындады.
"Мөлдірдей әдемі келіншегі тұрғанда, Тұрсынбек неге тоқал іздеген?" Дейтін сұрақтың артынан "тоқалдың суреттері тараған соң" сұрақ басқаша қойыла бастады.
"Мына қыздың қай жеріне қызыққан?", "егер бұлар он төрт жыл бұрын кездесуді бастаған болса, онда мына қыз ол кезде 14-15 жаста болған ғой", "бұл қалайша?" Деген сауал қаптады.
Сондай сауалдың біріне берілген жауап көпшілікке ой салғандай...

