Әлеуметтік желіде белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі Айман Талғатқызының видеосы тарап, жұрт арасында қызу талқыға түсті, деп жазады Democrat.kz.
Видеоны жариялаған автор Айман Талғатқызының жүкті екенін жазған. Алайда бұл ақпаратқа қатысты Айманның өзі әзірге ресми мәлімдеме жасаған жоқ.
Соған қарамастан желі қолданушылары видеоны жарыса талқылап, Тұрсынбек Қабатовтың жеке өміріне қатысты түрлі пікір білдірді.
«Ол да айырылып қалмаудың амалын жасайды ғой»,
«Бесеу болғанда басқаға кетіп қалмасын»,
«Тұрсынбек үшіншісін алса жақсы болар еді»,
«Тұрсынбек жарады, ұрпағын көбейтіп жатыр»,
«Декретте балалармен отырғанда жаңа қыз тауып алмасын», – деп жазды желі қолданушылары.
Көпшіліктің пікірінен әзіл де, кекесін де, өткен оқиғаларға жасалған ишара да байқалады. Әсіресе жұрттың бір бөлігі Тұрсынбек Қабатовтың бұрынғы отбасылық өмірін еске алып, жаңа қарым-қатынасының тағдырына қатысты өз болжамын айтуға кіріскен.
Айта кетейік, желіде тараған жүктілік туралы ақпарат әзірге видео авторының мәлімдемесіне ғана негізделіп отыр. Айман Талғатқызының өзі бұл жаңалықты растаған жоқ.